КЛАССИКА БОЙЫНША ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Турцияда 20 жасқа дейінгі классикалық шахмат бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Қызылордалық 14 жасар Нұрғали Назерке өзінің лайыққа тұрарлық көрсеткен өнері арқасында халықаралық әйелдер шеберінің алғашқы ұпайларын орындады.

Соңғы екі жылда бақ Қазақстан жағында болды. Көпшілік отандық спортшылардан 2016 және 2017 жылдары шахматтық тәжді кийіп көрген Динара Сәдуақасованың және Жансая Әбдімәліктің табыстарын қайталайтын не қайтала алмайтынын күтті.

Бірақ ғажап болған жоқ. Алайда, (WFM) ФИДЕ әйелдер шебері Нұрғали Назеркенің көрсеткен өнері қуантты (ЭЛО рейтингі 2080). Ол мүмкін болған 11 ұпайдан 8 ұпайды жинады. Дәл сонша ұпай – халықаралық әйелдер шебері (WIM) Нино Хомерикиде (2313). Алайда, қосымша көрсеткіштер бойынша, қола грузиялық шахматшыға бұйырды.
Назерке Ресейлік әйелдер гроссмейстері (WGM) Анастасия Парамзинаға (2222), Словениядан келген  халықаралық әйелдер шебері (WIM) Лауре Унукқа (2299), АҚШ-тан келген ФИДЕ шебері (FM) Акшите Гортиге (2315), Моңғолиядан Номин-Эрдене Даваадемберелге (2377) және  де басқа атақты спортшыларға  бірде бір мүмкіндік бермеді. Нәтижеде – лайықты төртінші орын, және де өз рейтингіне 180 астам ұпай қосты!
– Менің қарсыластарым өте мықты еді. Көрсеткен нәтижеме көңлім тоқ. Сонымен қатар, мен халықаралық әйелдер шебері ұпайын орындадым. Өзімнің жаттықтырушыларым Василий Шимельковқа және Риза Қошқароваға мені дайындағандары үшін алғысымды білдіремін. Келесі жарысқа – Грецияда өтетін 14 жасқа дейінгі Әлем чемпионатына дайындаламын, – деп Нұрғали Назерке отанына қайтқан соң хабарлады.

2018 жылы Нұрғали Назерке рапид бойынша Азия чемпионатында күмісті және 15 жасқа дейінгі оқұшылар арасында өткен Әлем чемпионатында алтынды жеңген.

ҚШФ-ның Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.