ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ФИНАЛЫНА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 34 ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК 6 ШАХМАТШЫ ҚАТЫСАДЫ

2018 жылдың 15-24 желтоқсаны аралығында Астанада классикалық шахматтан Қазақстан Республикасы Кубогының ақтық сыны өтеді. Ерлер мен әйелдер және 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасындағы іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен спортшылар жалпы жүлде қоры  3,7 млн теңгені құраған додада бақ сынайды. Турнирге өткен жылғы Кубок жеңімпаздары мен шетелдік үш спортшы шақырылып отыр.

Ересектер арасындағы жарысқа 14 қазақстандық және 6 шетелдік шахматшы қатысады. Кубок финалының жеңімпаздары ақшалай сыйақымен қатар 2019 жылы өтетін ҚР Чемпионаты финалына кепілді жолдамаға ие болады.

Балалар арасындағы ақтық жарыста 14 жасқа жейінгі жиырма қазақстандық спортшы бақ сынайды.  Финал жеңімпаздарына алдағы жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі беріледі.

Турнир ерлер және әйелдер арасында өзара айналым жүйесімен өтеді.

« Кубок финалы жарқын сәттерге толы болады, қатысушылардың барлығы өзіндік қолтаңбасы бар мықты ойыншылар. Мысалы бразилиялық Александр Фиер биылғы жылы Алматыда өткен Опен турнирде дайындығы мығым екенін көрсетіп, жеңіске жеткен болатын. Осы ойында тағы кездесу мүмкіндігі туып жатса қуана келісер едім, – мен өз күшіме сенімдімін», – дейді гроссмейстер Петр Костенко.

Петр мен Александрдан бөлек турнир фавориттерінің бірі – ҚР балалар құрамасының жаттықтырушысы, қазақстандық шахматшылар рейтингінде үшінші сатыда тұрған Әнуар  Исмағамбетов.

«Отандық барлық шахматшылар үшін бұл көптен күткен сайыс өйткені финалға шыққан спортшылардың барлығы алдыңғы кезеңдерде қатаң іріктеуден өткендер, – деп атап көрсетті Қазақстан Шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, – ҚР Кубогына шетелдік спортшылардың қатысуы мол тәжірибе жинауға тамаша мүмкіндік ғана емес, спорттық атақтар алуға жол ашады».

ҚШФ Бас серіктестігі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры,

ҚШФ Бас демеушісі  – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми – білім беру қоры.