МӘДИНА ДӘУЛЕТБАЕВА ЖӘНЕ РЕСЕЙЛІК ДМИТРИЙ ХЕГАЙ ЖЕҢІПМАЗ АТАНДЫ

Астанада ерлер мен әйелдер және 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасы Кубогының ақтық сыны мәреге жетті. Ерлер арасындағы финалда ресейлік Дмитрий Хегай, ал әйелдер арасында тараздық Мәдина Дәулетбаева топ жарды.

Жасөспірімдер арасында Кубок жеңімпаздары елордалық мектептің өкілдері Астана қаласынан Қазыбек Нөгербек пен алматылық Әсел Лесбекова жеңіске жетті.

«Шахматшының формасынан қазақстандық спортшы екенін танысаң оны мықты спортшы деп қабылдайсың  және ойын міндетті түрде қызықты өтетінін білесің, – деп ағынан жарылды Дмитрий Хегай, – бұған іріктеу турында да, Қазақстан Кубогында да бірнеше мәрте көзім жетті.  Қорытынды партияларда жеңіске жету оңай болған жоқ».

ҚР Кубогы финалы әлемдік турнирлерде еліміздің атынан сынға түсетін үздік шахматшыларды анықтайтын дәстүрлі жарыс.

Кубоктың балалар арасындағы финалының жеңімпаздары ақшалай сыйақымен қатар 2019 жылғы ҚР Чемпионатына кепілді түрде жолдама алады, сондай-ақ алдағы жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

«Кубок финалында ақтық сынға шыққан спортшылар арасында 3,7 млн теңге шамасындағы жүлде сарапқа салынды.  Ерлер арасындағы жарыста үздік деп танылған шахматшы мен Мәдина Дәулетбаева 400 000 теңгеге ие болды. 14 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы үздіктерге 100 000 теңгеден берілді», – деп қорытындылады Қазақстан Шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Естеріңізге саламыз, ҚР Кубогы финалына 16 қазақстандық  және өткен жылғы Кубок жеңімпаздарынан 4 шетелдік шахматшы, сонымен қатар іріктеу кезеңінде ерекше көзге түскен спортшылар қатысты. Турнир ерлер және әйелдер арасында өзара айналым жүйесімен өтті.

ҚШФ Бас серіктестігі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ,

әлеуметтік серіктес – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры,

ҚШФ Бас демеушісі  – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми – білім беру қоры.

Ерлер және Әйелдер арасындағы ҚР Кубогы финалы туралы толығырақ
Балалар арасындағы ҚР Кубогы финалы туралы толығырақ

Қорытынды турнир кестесі:

— Ерлер
— Әйелдер
—14 жасқа дейінгі жеткіншектер
—14 жасқа дейінгі қыздар