«AKTAU CHESS OPEN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІ

Қазанның 12-нен 14-не дейін Ақтау қаласында Абай атындағы мәдени-сауық кешенінде көрнекті қоғам қайраткері Сағындық Рабаев құрметіне «AKTAU CHESS OPEN» халықаралық шахмат турнирі өтеді. Сайыс, сондай-ақ, Қазақстан және Каспий аймағындағы елдердің шахмат ойыншылары арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілуде.

Шахмат фестивалі аясында ФИДЕ рейтингі есептелумен 6 негізгі турнир өтеді.

  • Open турнирі — Rapid,
  • U12 турнирі — Rapid (2006 ж.т. ұл балалар және одан жас),
  • G12 турнирі – Rapid (2006 ж.т. қыз балалар және одан жас),
  • Open турнирі — Blitz,
  • U12 турнирі — Blitz (2006 ж.т. ұл балалар және одан жас),
  • G12 турнирі — Blitz (2006 ж.т. қыз балалар және одан жас).

Турнир жарнасы, реквизиттер және де басқа «AKTAU CHESS OPEN» жайлы ақпараттар – турнир Ережесінде (жүктеу).

Ұйымдастырушылардың байланыс нөмірлері:

  • Шайхымов Анвар Ескендирович, турнир директоры: +7 702 598 2009
  • Метелено Евгений Сергеевич, бас төреші, халықаралық төреші: +7 771 856 4853