СЕНЬОРЛАР АРАСЫНДА ЧЕМПИОНДАР АНЫҚТАЛДЫ

25 тамыз күні Түркістан облысында Академик О.Қалдыбаевты еске алуға арналған сеньорлар мен сеньориталар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыста еліміздің 11 аймағынан 50-ден астам қатысушылар қатысты.
Шахмат ббойынша 65 жастан жоғары болған сеньорлар арасында еліміздің чемпионы болып, Қазақстанның бірнеше рет чемпионы Павлодардан Нукин Төлеген табылды. Екінші орынды Азербек Молдағалиев (Қарағанды облысы) және Ханиф Хусаинов (Ақмола облысы) алды. Сеньориталар арасында  құрмет тұғыры толығымен алматылықтарға бұйырды. Алтын – Надежда Искичековаға, күміс Инна Матвееваға, ал қола Пана Абдикасоваға бұйырды.

– Күрес өте шиеленісті болды, себебі барлықтары жеңіс бағасы – Әлем чемпионатына жолдама екенін білетін. Соңына дейін турнирдің жеңімпазы кім болатыны белгісіз еді, тіпті қысқа үзіліс жасауға тұра келді, – деп, Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) вице-президенті Бекет Жароков бөлісті.

50-65 жастағы сеньорлар арасында чемпион атағын Салтанат Муқанов (Солтүстік Қазақстан облысы) жеңді, турнир кестесінің екінші орнында  Құаныш Джумадуллаев табылды (Түркістан облысы), ал Қызылорда облысының шахматшысы Тимур Қасымов қоланы жеңді. 50-65 жас аралығында сеньориталар арасында әлем чемпионы Елена Анкудинова үздік болды. Оған алтынды Алмагуль Чакеева (Шығыс Қазақстан облысы, күміс медаль) және Зайтуна Туралиева (Ақтөбе облысы, қола медаль) бұйыртты.

– Ұйымдастырушылар жаратқан керемет жағдай бізді құантты: дем алу және шұғылдану үшін кең зал, жайлы тұру жағдайлары, бассейн, дәмді тағамдар, курортты ауа райы және әдемі табиғат. Мен көптеген әлем чемпионаттарына қатысқанмын және де мұнда жарыс өте жоғары деңгейде өтті деп айталамын, – деп, Қазақстан және әлем чемпионы Елена Анкудинова хабарлады.

Ең көп шахматшылар санын Қызылорда және Түркістан облыстары қатыстырды. Турнирде Азия чемпионы Айтқазы Баймурзин сияқты атақты шахматшылар қатысты. Еліміз чемпионатының ең жасы үлкен қатысушысы 86 жасқа толды. Сайыстың жалпы жүлде қоры 1 350 000 теңгені құрады.

Бұл аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылында өткен алғашқы республикалық чемпионат. Бұл шахмат спортының Қазақстанның ірі қалаларының сыртында да дамып жатқанын көрсетеді. Турнирдің бүкіл ұйымдастырылуын біздің бас серіктесіміз «Самұрық-Қазына», республикалық федерация және Академик Оразалы Қалдыбаевтың жанұясы өз жауапкершіліктеріне алды, – деп ҚШФ атқарушы директоры Ирина Грищенко хабарлады.

Қазақстан чемпиондары қарашада словен қаласы Бледте, сеньорлар және сеньориталар арасында өтетін Әлем чемпионатына қатысу құқығын алды.