СІМ ШАХМАТШЫЛАРДЫҢ КАБУЛҒА САПАРЫ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан шахмат федерациясының сұрау салуына жауап берді. Мәселе 2018 жылғы 8 наурызда Кабул қаласында (Ауғанстан) болып өтетін, ФИДЕ Президенті Кирсан Илюмжиновтың жүлделеріне арналған 5-ші Орталық Азия Кубогына қатысты.

Турнир туралы егжей-тегжейлі ақпарат.

Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) Ауғанстан астанасындағы жағдай бойынша түсіндірулер мен қазақстандық шахматшылардың Орталық Азия Кубогына қатысуы бойынша ұсынымдар беру өтінішімен ҚР СІМ-ге ресми сұрау салу жіберді.

«Ауғанстандағы қауіпсіз емес жағдайды ескере отырып, біз қазақстандық шахматшыларға 2018 жылғы 8-15 наурыз аралығында Кабул қаласында болып өтетін «ФИДЕ Президенті К. Илюмжиновтың жүлделсіне арналған 5-ші Орталық Азия Кубогы» халықаралық шахмат турниріне қатысу орынсыз деп санаймыз», – деп айтылады сыртқы саяси ведомствоның ресми жауабында.

ҚР СІМ жауабының түпнұсқасын жүктеп алу.

Еске салайық, 2018 жылғы қаңтар айының екінші он күндігінде қайғылы оқиға орын алды, бұл туралы ҚР СІМ баспасөз-қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов өзінің Facebook парақшасында былай деп жазды: «Бүгін Кабулдағы Intercontinental қонақ үйіне содырлардың шабуылдары нәтижесінде 1978 жылы туылған Қазақстан азаматы қаза тапты». Сол арада, Орталық Азия шахмат турнирін дәл осы қонақ үйінде өткізу жоспарланып отыр.