2019 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫ

2019 жылдың 7 – 17 ақпаны аралығында Ақтау қаласында ерлер мен қыздар арасында классикалық шахмат бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионатының жартылай финалы өтеді.  

Ерлер арасындағы жарысқа:
2018 жылғы ҚР облыстық чемпионаттарының 3 жүлдегері, ерлер арасындағы классикалық шахматтан 2018 жылғы ҚРЧ жартылай финалының  1 чемпионы, сонымен қатар 2019 жылдың 1 ақпанындағы көрсеткіш бойынша халықаралық рейтингі 2200 және одан жоғары шахматшылар қатысады.

Қыздар арасындағы жарысқа:

2018 жылғы ҚР облыстық чемпионаттарының 3 жүлдегері, классикалық шахматтан 2018 жылғы ҚРЧ жартылай финалының 1чемпионы, сонымен қатар 2019 жылдың 1 ақпанындағы көрсеткіш бойынша халықаралық рейтингі 1900 және одан жоғары шахматшылар қатысады.

Жарыстар 9 раундтан тұратын реттелетін швейцария жүйесі бойынша өткізіледі.

Турнир кестесі
07 ақпан, 10:00 – 19:00 – қатысушыларды тіркеу.
07 ақпан,  19:00 – 20:00 – техникалық кеңес.
08 ақпан, 15:00 – ашылу рәсімі
08 ақпан, 16:00 – 1 тур
09 ақпан, 16:00 – 2 тур
10 ақпан, 16:00 – 3 тур
11 ақпан, 16:00 – 4 тур
12 ақпан, 16:00 – 5 тур
13 ақпан, 16:00 – 6 тур
14 ақпан,, 16:00 – 7 тур
15 ақпан,, 16:00 – 8 тур
16 ақпан,, 10:00 – 9 тур
16 ақпан,, 16:00 – жабылу салтанаты
17 ақпан, – қатысушыларды қайтару.

Жалпы жүдде қоры 1 300 000 теңге. 1-3 орындар алған қатысушылар медаль, диплом және ақшалай жүлделермен марапатталады. Жартылай финалға шыққан шахматшылар 2019 жылғы Қазақстан Чемпионаты финалына жолдама алады.

Жарысқа қатысуға өтінімді 2019 жылдың 01ақпанына дейін aktau.chess.school@bk.ru  электрондық поштасына жолдау керек.

ҚШФ Бас серіктесі  – «Самұрық –Қазына» ӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктестік  – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ Бас демеушісі–  Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.

Ерлер арасындағы турнир регламенті
Қыздар арасындағы турнир регламенті

Толығырақ