РАПИД ЖӘНЕ БЛИЦТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

Ресейдің Санкт-Петерборында бүгін рапид және блицтен Әлем Чемпионаты басталады. Жаңа жыл қарсаңында Магнус Карлсен, Хикару Накамура, Левон Аронян және Сергей Карякин сияқты шахматтың жарқын жұлдыздары осы жарыста бас қосады. Додаға Қазақстаннан еліміздің алты үздік шахматшысы қатысатын болады.

 Невада өтетін жарыста ерлер арасындағы сынға Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажғалеев, Рустам Хуснутдинов түседі. Ал қыздар арасындағы турнирде Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік және Гүлісхан Нахбаева Қазақстанның намысын қорғайды.

«Бұған дейінгі турнирде Карлсенмен кездескен болатынмыз, –  дейді халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Ринат Жұмабаев,  – Қазіргі таңда ол қателікке жол бермейтін ең мықты шахматшы болып есептеледі. Дегенмен кез –келген қарсыласты шаң қаптыруға болады және біз жоғары нәтижеге жетуге сақадай саймыз».

Біздің шахматшыларымыздың бұл жолғы қарсыластары аты әлемге әйгілі ресейлік спортшылар Александра Костенюк пен Катерина Ланго, Украина өкілдері апалы-сіңілі Музычуктер және Әлем чемпионатының жеңімпазы қытайлық Цзюй Вэньцзюнь.

«Бұл жарыстан үлкен үміт күтемін, – дейді халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Жансая Әбдімәлік, –  Әлем чемпионатында ересектер арасында осымен екінші мәрте өнер көрсетсем де өз күшіме сенімдімін. Және де Мария Музычукпен матч-реваншқа әрине қуана келістім».

Рапид және блицтен Әлем чемпионатына 37 елден 300-ден аса шахматшылар қатысады. Жарыстың жүлде қоры $2млн.

Қазақстан шахмат федерациясының бас серіктестігі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ,  әлеуметтік серіктес – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры,

ҚШФ Бас демеушісі  – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми – білім беру қоры.

 

Регламент OPEN

Регламент WOMEN

Чемпионат туралы толығырақ