НИКИТИН ЕСТЕЛІГІНЕ

20 қаңтарда Павлодар қаласында танымал қазақстанлық шахматшы Юрий Михайлович Никитин естелігіне арналған дәстүрлі шахмат фестивалі басталды. Жарыс Павлодар облысы әкімінің Кубогына қатысу іріктемесінің бірінші кезеңі болып саналады (толығырақ).

Опен-турнир фестивалінің бағдарламасына 56 спортшы және халықаралық шебер деңгейімен айналмалы жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден 10 шахматшы қатысады. Шеберлер жарысында халықаралық шебер нормасы орнатылған — 9-дан 6 ұпай. Жарыс 27 қаңтарда аяқталады

АНЫҚТАМА: Юрий Михайлович Никитин, кеңес және қазақстандық шахматшы, КСРО спорт шебері (1964). 1941 жылы туған. Павлодар қаласында өмір сүрген. 1968-69 – Қазақ КСР чемпионы. Шахмат бойынша КСРО жартылай чемпионатында ойнаған. Екі мәрте КСРО біріншілігінің финалына қатысқан. 1967 жылы Харьков қаласында өткен  35-ші чемпионатта 13 ұпайдан 6,5 ұпай жинаған (59 орын). Ал келесі жылы Алматы қаласында 20 орын алды. 2009 жылы 26 қаңтарда дүниеден озды.

Шеберлер жарысының нәтижелерін қадағалау.

Опен-турнир нәтижелерін қадағалау.

Мемориал сайт-серіктесі

Фото: Дастан Капаев