ФИДЕ ТӨРЕШІЛЕР СЕМИНАРЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

ФИДЕ семинарына қатысу үшін байқаудың екінші және соңғы кезеңдерінің жеңімпаздары аяқталды. Жалпы еліміздің 12 қала мен аймақтарынан 21 өтінім берілді. Бірінші іріктеу кезеңін өткен 12 қатысушыдан, 7 шахмат төрешілері сұхбаттасудан өтті.

Байқау екі кезеңде өтті: 1-ші кезеңде өтінімдер қарастырылды, 2-ші кезеңде (22-24 маусым) үміткерлер Skype арқылы сұхбаттасудан өтті. Байқау нәтижелері бойынша жеті жеңімпаз FIDE төрешілер семинарына қатысу мүмкіндігіне ие болды.  ҚШФ семинар кезінде қатысушыларды іс-сапарына жіберу бойынша шығындарды (жол жүрү, тұру, тамақтану, семинар жарнасы) толық өз қаражаттары есебінен амалға асырады.

Байқау жеңімпаздары:

  1. Ардак Канаев (Шымкент)
  2. Куанышкали Ернияшов (Ақтөбе)
  3. Евгений Пак (Алматы)
  4. Болат Нышанбаев (Өскемен)
  5. Чингиз Кенжебаев (Ақтау)
  6. Талгат Тажигалиев (Атырау)
  7. Нурдос Ережепов (Қызылорда).

Жеңімпаз атанбаған жарыстың 2-ші кезеңінің қатысушылары оқуға жарна төлемісіз қатысу құқығына  ие болады:

  1. Бахтияр Нугуманов (Астана)
  2. Куаныш Сулеймен (Алматы)
  3. Менгали Олжас (Алматы)
  4. Алихан Ерсаканов (Семей)
  5. Нурали Ахмеджанов (Ақтау)

Төрешілердің семинары 2018 жылдың шілденің 1 мен 4 аралығында Астана қаласында өтетін «Astana Open» шахмат фестивалі кезінде өтеді. Семинарды халықаралық арбитр, ФИДЕ комиссиясының төрағасы Ашот Вардапетян (Армения) жүргізеді. Семинар мен тесттерді табысты өткендер, «FIDE төрешісі» атағын алу үшін норма алады.