PAVLODAR OPEN ҮШІН – 3 МИЛЛИОН

Шахмат фестивалі осы жылы қарашаның 22 мен желтоқсанның 02 күндері аралығында Павлодар шахмат үйінде өтеді.

Егерде сіз фестивальға қатысуды жоспарлап жатқан болсаңыз, дәл кәзір тіркелумен айналысатын уақыт. Алдын ала өтінімдерді egorpavl@mail.ru  электронды поштасына жіберіңіз (тіркелу нысанын жүктеу) немесе онлайн түрде тіркелу нысанын толтырыңыз.

Қатысуға өтінімдер 2018 жылдың 18 қарашасына дейін қабылданады. Турнир Ережесін мұнда (гиперсілтеме) жүктеп алуға болады.

Еске салайық, 2016 жылдан бастап Pavlodar Open – ерлер мен әйелдер арасында ойналатын ҚР Кубогын ұтысқа ойнаудың 3 кезеңі болып табылады. Көп жылдар бойы бұл турнир Орталық Азиядағы ең ірі турнирлердің бірі. Бірнеше елдерден атақты спортшылардың келуі, турнирде автоматты түрде халықаралық дәрежелер нормасын қоюға мүмкіндік береді. Жыл сайын турнирде халықаралық шеберлер мен гроссмейстерлердің көптен күткен ұпайлары жиналады.

Жарыс швейцария жүйесі бойынша 10 турда өтеді. Уақыт бақылауы: бірінші жүрістен бастап, әр жүріске 30 секунд қосылумен партия соңына дейін 90 минут. Жарыс ФИДЕ ережелері бойынша өткізіледі. Турнирдің жүлде қоры – 3 000 000 теңге.  Былтырғы жылы жарыс жеңімпазы болып Ресейден келген Дмитрий Оболенских болып шыққан.

Турнирге шеберлер және гроссмейстерлер мен бірге Қазақстанның түрлі бұрыштарынан келген әуесқойлар да қатысады. Олар жарысқа шеберлермен күресу, өздерінің дәрежелерін көрсету, марқасқа спортшылардан білім алу және де әр түрлі елдерден келген ойын әуесқойларымен әңгімелесу үшін  құанышпен қатысуға келеді.  Фестиваль бағдарламасында балалар, ата-аналар, жаттықтырушылар үшін блицжарыс, бір мезгілде ойнау сеансы, мастер-класстар сияқты іс-шаралар да бар. Pavlodar Open аясында шахматтық құрал-саймандар, әдебиеттер, атрибуттар сатып алуға болатын шахматтық магазин жұмыс істейтін болады.