PAVLODAR OPEN ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ЖАРИЯЛАДЫ

XII Халықаралық шахмат турнирі Pavlodar Open 2017 аяқталды. Жеңісті ресейлік шахматшы, халықаралық мастер  Дмитрий Оболенских қанжығасына байлады.

Алғаш рет халықаралық мастер (IM)  Оболенских Павлодар турнирінде 2013 жылы ойнап, 7 орын иеленген болатын. Екінші орында FIDE 2017 аймақтық чемпионатының (Орталық Азия) күміс жүлдегері, тәжікстандық IM Мухаммад Хусейнходжаев. Ал үшінші орынды Pavlodar Open-де бесінші рет қатысып отырған, ресейлік гроссмейстер Владимир Бурмакин иеленді.

Жүлделі төртінші орынды 20 жастағы халықаралық мастер, қазақстандық Аян Ахметов қанжығасына байлады. Айта кетейік, көшбасын бастаған үздік төрттік 7,5 ұпайдан жинады, алайда қосымша көрсеткіш финалистердің орындарын үлестірді.

«Жыл сайын Pavlodar Open  турниріне қатысуға қуана-қуана келемін. Аталмыш турнирде үнемі мықты құрам ойнайды және лайықты сыйлықтар болады. Турнир ұйымдастырушыларына рахмет!» — деп турнир жеңімпазы Дмитрий Оболенских өз ойымен бөлісті.

Ресейлік спортшыға жүлде қорының 388 000 теңгесі бұйырды.  Жалпы жүлде қоры – 3 000 000 теңге. Қазақстан Республикасы Кубогының 3 кезең – Pavlodar Open-де былғы жылы  в этом году Казақтан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Украина, Моңғолия және Тәжікстан елдерінің шахматшылары қатысты.

Әйелдер арасындағы үштік көшбасшысы – Альфия Насыбуллина (Астана), Ирина Алексеева (РФ) және Улзихишигяргал Очирхуяг (Моңғолия) – бәрі де 6 ұпайдан жинады.

Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры, Ирина Грищенко және турнирдің ең жас қатысушысы Темірлан (Қазақстан, 7 жас).

16 жасқа дейінгі ниорлар арасынағы көшбасшылар қазақстандықтар болды. 1- орын  Жандос Ағманов (6,5 ұпай), 2-орын – Рамазан Жалмаханов – (6,5), 3-орын – Руслан Салимов (6).

Pavlodar Open аясында – 4 елден 50 шахматшылардың қатысуымен  блиц турнир өтті. 9 турнирдің қорытындысы бойынша «алтынды» FIDE мастері, моңғолиялық қатысушы Ган-од Серинен (8 ұпай), «күмісті» ресейлік Виталий Бояринцев (7), ал «қоланы» қазақстандық шахматыш, халықаралық мастер Евгений Егоров (7) қанжығасына байлады.

Турнир қорытындысы бойынша қатысушыларға көптеген қосыша сыйлықтар тапсырылды. Үздік ардагер болып Толеген Нукин (Павлодар) атанды. Рейтингі 2100 төмен шахматшылар санатында Олег Головчук (Лисаковск), 2300 төмен – Мустафохуджа Хусенходжаев (Таджикистан) жеңіске жетті. 2017 жылғы Павлодар облысының Чемпионы болып 7  ұпай жинаған, Қуаныш Сисабаев атанды.

«Павлодар облысы талантты шахматшыларды қабылдауға әрқашан да дайын. Турнирдің мәртебесі халықаралық атақтарды  иелену үшін автоматты нормаларды орындауға мүмкіндік береді.  Биылғы жылы сондай-ақ, екі қатысушы халықаралық біліктіліктерін арттыруға қажетті балдарды жинады. Альфия Насыбуллина әйелдер арасындағы халықаралық мастер нормасын, ал Арыстан Исанжулов алғаш рет халықаралық мастер нормасын орындады, — деп хабарлады Павлодар шахмат федерациясының президенті Александр Бабенко.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы турнирде жеңісті Бельгиялық шахматшы, Вадим Малахатько қанжығасына байлаған болатын.

Pavlodar Open ұйымдастырушылары – Қазақстан шахмат федерациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігі, Павлодар облысының шахмат федерациясы, Павлодар облысы спорт және дене шынықтыру басқармасы. Тунирдің бас демеушісі – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

Қосымша ақпарат үшін:
Евгений Егоров 87051122335