ҚОҒАМДЫҚ МАРАПАТТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) шахматтың дамуына және насихаттауға зор үлес қосқан тұлғаларды марапаттауға  өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

ҚШФ қоғамдық марапаттары «Жеңіс», «Дара» және «Үміт» ордендері, «Белес», «Үлес» медальдары, «Ардақты Ұстаз», «Ардақты Қызметкер» белгілері және ҚФШ құрмет грамоталары болып табылады.

КІМ?     Марапатқа жергілікті федерациялардың басшылары, областардың және Астана, Алматы қалаларының аға жаттықтырушылары, бастамашыл топтар, заңды және жеке тұлғалар өтінім бере алады.

КІМДІ? Бір адам екі мәрте бірдей марапатпен марапатталмайды. Марапаттармен Қазақстан азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, мемлекеттік кәсіпорындар, компаниялар, қоғамдық бірлестіктер және т.б. марапатталуы мүмкін. Марапаттар шахмат спортының деңгейін көтеруге және дамуына қосқан үлесіне құрмет ретінде беріледі.

ҚАЗЫЛАР. Үміткерлерден келіп түскен өтінімдерді атқару комитетінің өкілдерінен және де шахмат қозғалысының белсенділерінен туратын арнайы комиссия қарастырып, ҚШФ Президентіне бекітуге енгізеді.

ҚАШАН? Ел заматтарын ҚШФ қоғамдық марапатына ұсыну федерацияның өткен жылғы марапаттауынан кемінде бір жыл өткенде жүзеге асырылады.

ҚАЛАЙ? Өтінім беру үшін байқау Ережесімен (жүктеу) танысып, марапаттау қағазын (жүктеу) толтыру керек. Өтінімдер office@kazchess.kz электронды мекен-жайына «ҚШФ РҚБ Қоғамдық марапаттары» белгісімен 31 мамырға дейін (Астана уақыты бойынша 24.00 дейін) қабылданады.

Федерацияның қоғамдық марапаттарымен марапаттау  заңдылық, ашықтық және әділдік қағидаттарына негізделген. Федерацияның Атқару комитетімен ұсынылған және федерация Президентімен бекітілген марапатқа ие тұлғалар тізімі 2018 жылдың 25 маусымында ҚШФ сайтында жарияланады.

Марапаттарды тапсыру іс-шарасы 2018 жылдың 20 шілдесінде, Дүниежізілік шахмат күнінің қарсаңында, жергілікті шахмат федерациясымен және республикалық федерацияның көшпелі комиссия өкілдерімен жүзеге асырылады.