2 КҮННЕН СОҢ РУМЫНИЯДА

Yassy

21 сәуір ежелгі румын қаласы Яссыда шахматтан оқушылары арасындағы әлем чемпионаты  — FIDE WCSS 2017 басталады.
Сайыс1 мамырда аяқталмақ. Ұйымдастырушылардың болжамы бойынша аталмыш жарысқа 60 елден 500-ден астам 7 жастан 17 жасқа дейінгі орта және бастауыш мектеп оқушылары және олармен бірге 200-ге жуық адам келеді деп күтілуде. Әлем чемпионатына Қазақстаннан барлық жас санаттары бойынша 30-дан астам жас шахматшылар қатыспақшы.

32Олардың арасында жоғары орындарға үміткер  Азия чемпионы Әсел Серікбай, сонымен қатар Алдияр Ансат, Ельназ Калиахмет және Димаш Ахмет, Амина Қайырбекова мен Назерке Нұрғали, Әсел Лесбекова және Арнаш Бауыржан бар. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!