Д.САДУАКАСОВА – ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ШАХМАТШЫСЫ

2017 жылдың 23 желтоқсанында БАӘ өткен 4 жылдық «Asian Chess Excellence Awards» марапатттау рәсімінде қазақстандық гроссмейстер Динара Садуакасова «Ең үздік қыз ойыншысы– 2017» болып жарияланды.

21-23 желтоқсанда Аль Аинде (БАӘ) Азия шахмат федерациясының (АШФ) ұйымдастыруымен Азиялық шахмат саммиті өтті. Ең ірі форумға ФИДЕ делегаттары, АШФ басшылары, Азия және Мұхит елдері президенттері мен шахмат федерациясы өкілдері жиналған болатын. Саммитке Қазақстан Шахмат Федерациясының (КШФ) вице-президенті Берик Балгабаев қатысты.

Іс-шараның қорытынды күнінде «4th Annual Asian Chess Excellence Awards» Азиялық сыйлықақысының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Атап өтетін жайт, қазақстандық гроссмейстер Динара Садуакасова «Ең үздік қыз ойыншысы– 2017» болып жарияланды.

Сонымен қатар сол күні Азиялық шахмат федерациясы Қазақстандық шахмат федерациясын арнайы сертификатпен атап өтті.
2017 жылы Қазақстандық әйелдер құрамасы тарихта бірінші рет Азиялық шахмат ойындарында (Ашгабад қ. Түркменстан) 1 – орынға ие болды. 23 жасқа дейін жылдам шахмат бойынша командалық чемпионат финалында гроссмейстер Динара Садуакасова мен Жансая Абдумалик өкілеттілігімен біздің құрама Қытай құрамасын басып озды. Динара, сонымен қатар, Ашгабадта классикадан «қола» жеңіп, Ташкент (Өзбекстан) қаласында өткен Орталық Азия аймақтық чемпионатында үздік болып танылды.
– Біздің спортшылардың жетістіктерімен мақтанамын. Динара Садуакасованы құттықтай отырып, жаңа жеңістер мен алтын медальдерді тілеймін, – деп хабарлады Казақстан шахмат федерациясының вице-президенті Берик Балгабаев. – Шын жүректен Шахмат федерациясының басшылары мен өкілдерін лайықты марапатпен құттықтаймын.

Халықаралық қыз гроссмейстер Динара Садуакасова (2460) – қыздар арасында төрт мәрте әлем чемпионы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы болып, шахматшылар арасында Қазақстан Республикасының бірінші қатарында. Динара «Шахматтағы бірінші қадам» кітабының авторы. Биыл «ЮНИСЕФ Қазақстан» ұлттық еркін елшісі болып тағайындалды.

«Asian Chess Excellence Awards» –  2014 жылы құрылған беделді сыйлықақы. Естеріңізге сала кетсек, бірінші сыйлықақы марапаттауында «20 жасқа дейін ең үздік шахматшы» – Жансая Абдумалик, ал «ең үздік жаттықтандырушы – 2014» гроссмейстер Евгений Владимиров танылған болатын.