САУАТ НҰРҒАЛИЕВ – ЧЕМПИОНАТ ЖҮЛДЕГЕРІ

Sauat Nurgaliyev

 Шахматшы балалар қазақстандықтарды халықаралық жарыстардағы жеңістерімен қуантуда. Астаналық алты жасар Сауат Нұрғалиев Қытайда өткен шахматтан оқушылар арасындағыАзия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Sauat NurgaliyevДостары Цезарь деп атайтын Сауат, монғол шахматшысына жол берді. Бұл шілде айындағы жалғыз жеңісі емес. Осы айда ол Арменияда өткен халықаралық “Мемориал Степан Авагяна “Джермук-2017” шахмат фестивалінде пъедестал шыңына көтерілген болатын.  Бірінші разрядты оқушы шахматпен 5 жасынан бастап айналысады және “Astana” Орталық шахмат клубының тәрбиеленушісі болып табылады. Сауаттың  алғашқы жаттықтырушысы Жалгас Абил, ал қазір Ержан Шакенов. Қыркүйек айында жас спортшы 7-ге толып, екінші сыныпқа барады. Шахматтан басқа, Азия чемпионатының жүлдегері жүзумен, акробатикамен, және шығыс жекпе-жегімен айналысады.
Естеріңізге сала кетейік, Сауат сияқты бес жасар Алматылық Райан Жұмағали да Қытайдан жүлде алып келген болатын. Райан чемпионаттың қола медалін жеңіп алды.

Спортшының әкесі Еркебұлан Нұрғалиев ұлының жеңісін арқау етіп тәлімгерлерге алғысын білдірді:
— Сауаттың барлық жаттықтырушыларына берген білімі үшін, және Ержан Шакеновке ұлымыздың жетістіктері мен көрсетілген қолдауы үшін алғыс айтамын. Күшейтілген дайындықтан басқа, жоғары нәтиженің құпиясы  ең алдымен Ержанның турнир алдындағы Сауатқа берген кеңестерін орындау болды. Жалпы чемпионаттың ұйымдастыруы жағымды жағынан таң қалдырды. Бәрі жоғары деңгейде өтті.