ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАХМАТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН 7 МЕДАЛЬ АЛЫП КЕЛДІ

Албанияда оқұшылар арасындағы әлем чемпионаты аяқтлды. Оның нәтижесі бойынша қазақстандық шахматшылар 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медальдарын жеңіп алды.

Дуррес қаласында (Албания) болып өткен әлем біріншілігінде 40 мемлекеттен 387 жас спортшылар қатысты. Жарыста Қазақстанды 53 шахматшы таныстырды.

Ұл балалар арасында жарыста 7 жасқа дейін категориясында Алматылық Динмухаммед Тулендиновқа тең келерлік болған жоқ. Жалпы жарыс бойынша бір тең ойын және бір жеңіліс (басқа қазақстандық Максим Цойдан), қорытындағанда аларлық 9 упайдан 7,5 упай және чемпионат алтыны. Жарысқа қатысу арқасында Динмухаммед өз рейтингін 14,4 пунктқа көтерді. Жоғарыда аталған  Максим Цой жалпы жарыс бойынша екі жеңіліске жол берді, дегенмен, қола медалін иеленді.
Керемет ойынды тағыда бір спортшы қыз Алматылық Жумагали Райан көрсетті. Оның жеңіліссіз партиялар сериясын бір рет ғана Индиялық бақталас үзді. Қорытындысында, екі шахматшы да 8 және 9 упайдан жинады. Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша қазақстандық қыз бірінші орынды өз бақталасына беріп, күміс медалін жеңді.

Тағыда бір алтын медальді Қазақстанға алматылық Нурманова Алуа алып келді: 11 жасқа дейінгі қыздар арасындағы жарыста өзінің өнерін көрсетіп, ол екі партияны теңге жеткізді және жеңісті азербайджандық шахматшыға берді.
Шымкенттен Абильмансур Абдилхайыр 15 жасқа дейінгі ұл балалар арасында сегізінші бөлімге дейін жеңіске үміткер болып саналатын. Бірақ чемпионаттың қорытындылау партияларында ол жеңіске жете алмады, сомен қатар отандасы Семейден Арыстан Исанжуловты да жеңе алмады. Соңына келіп Арыстан бірінші орынды иеленді, ао Абильмансурға үшінші орын бұйырды.
ФИДЕ әйелдер шебері, қызылордалық Нургали Назерке 15 жасқа дейінгі категорияда өз шеберлігін көрсетті. Рапид бойынша Азия Чемпионатының (2018) күміс жүлдегері Назерке құрмет тұғырының жоғары сатысын иеленді.
– Оқұшылар арасындағы Әлем біріншілігінде Қазақстандық шахматшылар көрсеткен нәтижелер барлық үміттерден асып түсті: мүмкін болған 12 медальдан 4 алтын – бұл керемет! Біздің балаларымыздың көпшілігі әлем чемпионы болып жатқаны өте құанышты, – деп Қазақстан жастар құрамасының бас жаттықтырушысы Исмагамбетов Ануар айтып өтті.
Жалпыкомандалық нәтижесі бойынша қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында бірінші орынды иеленді.
– Жарыс нәтижелері біздің еліміздегі балалар шахматының қарқынды дамып келе жатқандығын дәлелдейді, одан әрі көп балалар ежелгі ойынды үйренуде. Мұның бәрі шахматты үш пилоттық аудандарда мектеп бағдарламасына енгізу және шахмат мектептері арасындағы бәсекелестік арқасында, – деп Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко айтып өтті.