Оқу-әдістемелік жинақ.

«Жалпы білім беру мектебінде 2-4 сынып оқушыларын шахматқа үйрету» элективті курсының бағдарламасы
 Құраст. Хасанова Ф.С., әйелдер арасындағы халықаралық дәрежедегі шахмат гроссмейстері,  Даулетова Г.Б., әйелдер арасындағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері. ➤ ЖҮКТЕУ

 

 

 

2 сыныпқа арналған «Шахмат» пәні бойынша оқу-әдістемелік жинақ оқұшыларға арналған №1, №2 оқу құралдарынан, №1, №2 дәптерлерінен және әр сабақтық жоспары бар оқытушыларға арналған әдістемелік құралдан тұрады.
Оқу жиынтығы «Жалпы білім-беру мектебінде 2-4 сынып оқушыларына шахматты үйрету» элективті курс бағдарламасы негізінде дайындалған.
 Оқытудың бірінші жылының аяғына қарай балалар келесі шахмат терминдерін үйренеді:  ақ және қара шаршылар, көлденең, тік және тік жолдар, тақтаның орталығы, партия, бастапқы қалпы (бастапқы жайғасымы), ақ, қара, жүріс, алу, соққы астында тұру, өткелде алу, рокировка (ұзын және қысқа), шах, мат, пат, тең ойын. Шахмат тастарының атаулары, әр тастың жүрісі мен оларды алудың ережелерін үйренеді. Шахмат тақтасында бағдарлануға, әрбір жеке таспен және басқа тастардың жиынтығымен шахмат кодексінің ережелерін бұзбай ойнай алуды, тақтаны ойыншылар арасында дұрыс орналастыра алуды және тастардың бастапқы жайғасымын дұрыс құруды, көлденең, тік және диагональ жолдарды ажырата алуды, рокировка жасауды, шах, мат жариялауды, бір жүріспен мат қою арқылы қарапайым есептерді шеше алуды үйренеді➤ ЖҮКТЕУ


3 сыныпқа арналған «Шахмат» пәні бойынша оқу-әдістемелік жинақ оқұшыларға арналған  №1, №2 оқу құралдарынан, №1, №2 дәптерлерінен және әр сабақтық жоспары бар оқытушыларға арналған әдістемелік құралдан тұрады.
Оқу жиынтығы «Жалпы білім-беру мектебінде 2-4 сынып оқушыларына шахматты үйрету» элективті курс бағдарламасы негізінде дайындалған.
 Оқытудың екінші жылының аяғына қарай балалар келесі шахмат терминдерін үйренеді: сызықты мат, қос соққы, өтпелі соққы, байлам, ашық шабуыл, ашық шах, қос шах, оппозиция, шаршы ережесі, негізгі шаршы; жалғыз корольге мат қою әдістері, тастардың өзара әрекеттесуіне негізделген мат шабуылдарының схемалары, қарапайым тактикалық тәсілдер, қарапайым пешка эндшпильдерінің негізгі ойнатылу қағидалары, дебют ойнаудың негізгі қағидалары; шахмат ойнау ережелері, шахмат ойнау әдебі, ойын кезіндегі мінез-құлық ережелері. Жалғыз корольге екі тура, ферзь және тура, ферзь және корольдің көмегімен, тура және корольдің көмегімен мат қоюды, жалғыз таспен мат қою, корольге мат шабуылын жасау үшін тастардың өзара әрекеттесуін пайдалануды, қарапайым тактикалық тәсілдерінің көмегімен материалдық басымдыққа қол жеткізуді, король және пешка корольге қарсы қарапайым эндшпилінде пешканы ферзьге айналдыруды, 1, 2 жүріспен мат қоюға, материал ұтып алуға бағыттталған қарапайым есептердің шешімін табуды үйренеді. ➤ ЖҮКТЕУ