ФИДЕ ТӨРЕШІСІ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕМЕ?

Халықаралық төреші, ФИДЕ ережелері бойынша комиссия төрағасы Ашот Вардапетян (Армения). Фото: Chessnews.info

Қазақстан шахмат федерациясы ФИДЕ қолдаумен өтетін семинарға қатысу үшін төрешілер арасында өтетін конкурсты жариялайды.

Төрешілер семинары 2018 жыл маусымның 1 мен 4 аралығында Астана қаласында «Astana Open» шахмат фестивалі аясында өтеді.

Конкурстың жеңімпаздары семинар уақытындағы оқұ, жол, тамақтану және тұру шығындарын қамтитын демеушілік көмегіне ие болады.

Семинарды халықаралық төреші, ФИДЕ ережелері бойынша комиссия төрағасы Ашот Вардапетян (Армения) өткізеді. Семинар мен тесттерден сәтті өткендер, «FIDE төрешісі» дәрежесін тағайындау үшін нормасын алады.

Байқауда ФИДЕ төрешісі дәрежесі жоқ, бірақ әр түрлі жарыстарда төрешілікті өткізетін және/немесе жоспарлайтын Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Байқау 2 кезеңде өтеді: 1-ші кезеңде өтінімдер қарастырылады, 2-ші кезеңде Skype арқылы сұхбаттасу өтеді. Байқау нәтижелері бойынша 5 жеңімпаз семинарға қатысу мүмкіндігіне ие болады. ҚШФ семинар кезіндегі қатысушылардың іс-сапарлық шығындарын (жол, тұру, тамақтану, семинар жарна төлемі) толық көтереді.

Байқауға қатысу үшін office@kazchess.kz поштасына келесі құжаттарды жібересіз:
1) сканерленген жеке куәлік;
2) FIDE ID;
3) толтырылған өтінім – жүктеу.

Өтінімдер 2018 жыл 19 маусымға дейін қабылданады.

Байқау нәтижелері 2018 жыл маусымның 21 күні жарияланады.

Байқауға өтінімдерді ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына kamilya.a@kazchess.kz немесе 050040, Алматы қ., Аль Фараби даңғылы, 36, В құрылыс, 3 этаж,  «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ адресіне жіберуіңіз қажет.

Толығырақ ақпарат үшін:
тел. + 7 727 346 85 64, +7 771 781 7179 (Камиля Абдрахманова).