ИСПАНИЯДАҒЫ БАЛАЛАР ЧЕМПИОНАТЫ – WORLD CADETS CHESS CHAMPIONSHIPS 2018

Қарашаның 3 мен 16 аралығында Испанияның Сантьяго-де-Компостела қаласында 8, 10 және 12 жасқа дейінгі санаттарда кадеттер арасында шахмат бойынша Әлем Чемпионаты болып өтті.

Бұл ауқымды іс-шара Галисияда бес континенттен шахматты енді ойнап жүрген шахматшыларды жинады. Жарыста 80 елден 800-ден асық жас шахматшылар қатысты. Іс-шара аясында коучинг курстары өтті. Іс-шара қатысушылары және қонақтары мектеп шахматтық шеберханаларына баруға, сондай ақ қала аралап экскурсия жасауға мүмкіндіктері болды.

Бұл жарыста Қазақстан атынан 30-дан асық спортшылар өнер көрсетті.

Ең жоғарғы нәтижені 12 жасқа дейінгі санатта Алуа Нурманова көрсетті, ол төрт қарсыластарымен 3-7 орындарды бөлісті. Қосымша көрсеткіштер бойынша (коэффициент) Алуа 4 орынды иеленді.
Дәл осы санатта 8 орын Амина Қайырбековада.
10 жасқа дейінгі санатта 8 орынды Айша Закирова иеленді.
8 жасқа дейінгі санатта Елназ Қалиахмет 6 орынды иеленді.
Эдгар Мамедов 8 жасқа дейінгі санатта 7 орынды иеленді.
Сауат Нурғалиев – 8 жасқа дейінгі санатта 12 орын.

ТУРНИРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕСТЕСІ:
— ОПЕН 8 жасқа дейінт
— 8 жасқа дейін қыздар
— ОПЕН 10 жасқа дейін
— 10 жасқа дейін қыздар
— ОПЕН 12 жасқа дейін
— 12 жасқа дейін қыздар