ЮНИОРЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛ АЛУДА

Сәрсенбі күні, қазанның 17-не грек қаласы Халкидикиде 14, 16 және 18 жас санаттарында юниорлар арасында Әлем чемпионаты басталады.  Біріншілік аясында классика, рапид және блиц бойынша жарыстар өтеді.  Әлемнің 78 елінен 649 спортшы қатысуда. Қазақстан атынан 13 шахматшы өнер көрсетеді.

Өздерінің жас санаттарында ҚР чемпионы атағын иеленген 8 спортшы Қазақстан шахмат федерациясынан (ҚШФ) жеңілдіктерге ие болды. Федерация олардың юниорлар арасындағы әлем чемпионатына қатысуын толық қаржыландырады.

  • 14 жасқа дейін: Михаил Егоров, ЭЛО рейтингі 1941, Павлодар, Назерке Нурғали, ФИДЕ әйелдер шебері (WFM, 2263), Қызылорда, және де Астаналық – ФИДЕ шебері Қазыбек Ногербек (FM, 2316) және Меруерт Камалиденова (WFM, 1999),
  • 16 жасқа дейін: Рамазан Жалмаханов (FM, 2316), Алматы және Әсель Серікбай (WFM, 2166), Қызылорда,
  • 18 жасқа дейін: Денис Махнев, халықаралық шебер (IM, 2449), Павлодар және Салтанат Муратова (1859), Шымкент.

Тағы да, бес шахматшы өз есебінен әлем чемпионатына қатысуға шешім қабылдады:

14 жасқа дейін – Айтуар Жукенов (2025) және Лия Курмангалиева (1733), 18-ге дейін – Жандос Агманов (FM, 2354), Тамерлан Бектуров (2297) және Арнаш Бауржан (2011).

Біріншілікті шахмат бойынша екі күндік турнир ашады

http://chess-results.com/tnr378188.aspx?lan=11.  Сосын, 19 қазан күні шапшаң шахмат бойынша жарыс өтеді http://chess-results.com/tnr378191.aspx?lan=11. Ал, 20-на 30 дейін классика бойынша бас турнир болып өтеді http://chess-results.com/tnr378244.aspx?lan=11&zeilen=99999.

 

ҚШФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік серіктесі —«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

ТОЛЫҚ АҚПАРАТ  http://kazchess.kz/champ-jr-greece-chess.