ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ

23 желтоқсанда Астанада балалар мен ересектер арасында классикалық шахмат бойынша Қазақстан Республикасы Кубогы финалының салтанатты ашылуы өтті. Жарыс «Astana» (Асан Кайгы к-сі, 2) орталық шахмат клубында өтеді.

Жарыс финалының алдында ересек шахматшылар үш деңгейлі, ал жасөспірімдер алты деңгейлі белестен өткен болатын. Қатысушылар құрамы өте мықты болып шықты. Мықтылар арасында Almaty Open-2017 жеңімпазы (Кубоктың екінші кезеңі) гроссмейстер – Кирилл Ступак (Беларусь, 2588) және қазақстандық Ануар Исмагамбетов (2542) пен Петр Костенконы (2416) атап өтуге болады. Әйелдер арасындағы Кубок финалында халықаралық мастер Альфия Насыбуллина (өткен жылғы Кубок жеңімпазы, 2074), халықаралық гроссмейстер Елена Анкудинова (2133) және басқалар.

Балалар арасындағы Қазақстан Кубогы финалына республикалық және халықаралық жарыстар жеңімпаздары қатысуда. Олар Меруерт Камалиденова, Амина Каирбекова, Меиржан Каратайкызы, Казыбек Ногербек,  Абилмансур Абдилхаир және басқалар.

Жарыс халықаралық деңгей есептемесімен айналмалы жүйе бойынша өтеді. Жарыс ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы дене шынықтыру және спорт Комитеті, Қазақстан шахмат Федерациясы және «Astana» Орталық шахмат клубы. Шахмат бойынша Қазақстан Кубогы финалының бас демеушісі –Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Жүлденің жалпы қоры – 3 млн. тенге. Жеңімпаздарды марапаттау мен жабылу рәсімі 29 желтоқсанда өтеді.

Толық ақпарат: http://kazchess.kz/kz/cuprk2017/