ӨЗБЕКСТАН ШАҚЫРАДЫ

2018 жылдың 22 сәуір – 1 мамыр аралығында Ташкентте (Шахмат бойынша Республикалық мамандандырылған БЖСМ) Өзбекстанның бірінші гроссмейстері – Георгий Агзамовтың рухына бағышталған, дәстүрлі халықаралық турнир –  12-ші  Ташкент Open өтеді.

Сайыс 9 айналымды швейцарлық жүйе бойынша өтеді, турнир бойынша бір рет күніне екі айналым белгіленеді. Қатысушылар екі топта ойнайды – «А» негізгі тобы және 12 жасқа дейінгі юниорлар арасында «Б» балалар тобы. Уақыт бақылауы: 90 минут, бірінші жүрістен бастап әр жүріске 30 секунд үстемемен.

Жалпы жүлде қоры 20 000 АҚШ долларын құрайды, «А» тобында 15 негізгі жүлде (1 орын – 3000 АҚШ доллары) және әйелдерге, юниорларға, ардагерлерге, рейтинг деңгейі әр түрлі қатысушыларға арналған арнайы жүлделер ойнатылады.

Қатысушыларды тіркеу виза қажет болатын қатысушылар үшін 2018 ж. 15 наурызға дейін, қалғандарына – 2018 ж. 15 сәуіріне дейін ашық.

«А» тобына ХМ және ХГ лауазымындағы шахматшылар; ФИДЕ рейтингі 2400 төмен емес шахматшылар; 14, 16, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы 2018 ж. Өзбекстан чемпиондары; ерлер және әйелдер арасындағы 2017 ж Өзбекстан Чемпионатының (Жоғарғы лига) үш орын алған шахматшылар; ардагерлер арасындағы 2017 ж. Өзбекстан Чемпионатының жүлдегерлері (1-3 орындар, ерлер) жарнаны төлеусіз қатысуға рұқсат етіледі.

Турнирды ұйымдастырушылар – Өзбекстан шахмат федерациясы және Өзбекстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік комитеті.

Толығырақ — Ережеде (ЖҮКТЕУ).