ВЕРШИНИНГЕ КӨМЕКТЕСУ

Алматы ауданының ерекше мұқтаждығы бар шахмат жаттықтырушысына Қазақстан шахмат федерациясы көмек көрсетті.

Алексей Вершинин Талғарда жасайды. Ол бір жасқа толған кезде, дәрігерлер оған емделмейтін генетикалық ауру – «бұлшықеттің біртіндеп семуі» диагнозын қойып, баланың бес жастаң соң өмір сүруі екіталай екенін қосымша хабарлаған. Дегенмен, ол және оның ата-анасы бұл жағдайға жеңілмеді. Бүгінгі күнге Алексейдін жасы 31-де және де оның осы жылдар бойы қолдары мен аяқтары қимылыссыз қалғанына, төсекке байланғанына қарамай, бұл жігіт бала шағында  әкесінін арқасында үйренген ойнау шеберлігімен шахматтан сабақ беруде. Оның ең жа тәрбиеленушісінің жасы – 14, ең жасы үлкені – 40- тан асқан. Вершининнің оқушылары бірнеше рет республика және қала деңгейдегі жарыстардың жүлдегерлері болған.

Өткен қыста, Алексейдің шахмат мектебі болып табылатын кішкене үйі электрикалық жылытқышпен жылытылған, мұндай жағдай оның отбасына қымбатқа түсіп отырған. Көмірмен жылыту да, үлкен шығынға ұшратып отырған. Оның отбасысы, газды жылыту үшін ақы төлеу әлдеқайда тиімді болатынын есептеп шығады. Содан кейін, газ пешін орнату туралы шешім қабылданады, бірақ бұл идеяны жүзеге асыру үшін отбасыда қаражат болмады.

– Әлеуметтік желілердің арқасында, біз Алексей тап болған жағдай жайлы естідік. Жағдайды зерттеп, оған және оның оқұшыларына көмек көрсетуге мүмкіндігіміз бар екенін шештік . Біз әрқашан қиыншылыққа жеңілмейтін адамдарға түсіністікпен қараймыз. Оның анасына да оңай болған жоқ, себебі Алексейдің әкесі зейнеткер және де мүгедектігі бар. Бірақ бұл жағдайға қарамастан, Алексей өзінің білімін адамдармен бөлісуге күш табуда, – деп, Қазақстан Шахмат Федерациясының (ҚШФ) атқарушы директоры Грищенко Ирина айтып өтті.
— Мен бұдан былай не істеу керектігін білмей жүрген едім. Бұл қыс өте суық келді. Балалар менің үйімде сабақ алған кезде тоңып қалып жүрді, мен өзім де ауырып қалдым. Ал мен бәрібір үлкен жоспарлар құра бердім: балаларға сабақ беруді, олар үшін жарыстар ұйымдастыруды, – деп бөлісті Алексей Вершинин.

Сол жылы ҚШФ серіктестері арасында рапид бойынша әуесқойлар жарысы болып өтті. Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім қоры жарыс демеушісі болды. Жарыстың қатысушылары (WRPF, WCA, Aлматы марафон және басқа компаниялардың қызметкерлері) бүкіл жүлде қорын – 350 000 теңгені – жаттықтырушының отбасына көмек ретінде жіберуге шешім қабылдады. Осы сомаға Федерация 16 кВт сыйымдылығы бар, жиынтығында түтіндігі бар  Оңтүстік Кореяның Navien газ қазандығын сатып алды және оны орнатып берді.

Алексейдің талғардағы жеке үйі өте дымқыл, сондықтан Алматыда жылыту маусымы аяқталғанына қарамастан, қазандық әлі күнге дейін пайдаланылуда. Оған қоса ҚШФ Алексейдің үй мектебіне 10 шахмат тақта жиынтығын және фигураларын, 15 электрондық шахмат сағаттарын және шахмат көрсету тақтасын сыйлады. Талғарлық жаттықтырушының денсаулығын нығайту үшін дәрігерлер тағайындаған дәрі-дәрмектерді сатып алынды.