САНКТ-ПЕТЕРБОРДА БЛИЦ ПЕН РАПИДТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

2018 жылдың 25-31 желтоқсаны аралығында Санкт-Петерборда әйелдер мен ерлер арасында блиц пен рапидтен Әлем чемпионаты өтеді.

Рапидтен ерлер партиясы швейцариялық жүйемен 15 турдан, ал әйелдер арасында 12 турдан өтеді. Блиц партиясы да швейцариялық жүйемен ерлер арасныда 21 турдан, әйелдер арасында 17 турдан өтеді.

Турнир кестесі:

Ерлер:
26 желтоқсан, 15:00 – рапид, 1-5 турлар
27 желтоқсан, 15:00 – рапид, 6-10 турлар
28 желтоқсан, 15:00 – рапид, 11-15 турлар
29 желтоқсан, 15:00 – блиц, 1-12 турлар
30 желтоқсан, 14:00 – блиц, 13-21 турлар

Әйелдер:
26 желтоқсан, 15:00 – рапид, 1-4 турлар
27 желтоқсан, 15:00 – рапид, 5-8 турлар
28 желтоқсан, 15:00 – рапид, 9-12 турлар
29 желтоқсан, 15:00 – блиц, 1-9 турлар
30 желтоқсан, 14:00 – блиц, 10-17 турлар

Чемпионатқа әлемнің 37 елінен 300-ден астам спортшы қатысып, $2 млн. шамасындағы жүлде қорын сарапқа салады.

Республикамыздың ерлер құрамасында Чемпионатта 3 шахматшы өнер көрсетеді:
— Ринат Жұмабаев, рейтинг ЭЛО – 2602
— Мұртас Қажғалеев, рейтинг ЭЛО – 2587
— Рустам Хуснутдинов, рейтинг ЭЛО – 2470

Әйелдер құрамасы да үш спортшыдан тұрады:
— Динара Сәдуақасова, рейтинг ЭЛО – 2472
— Жансая Әбдімәлік, рейтинг ЭЛО – 2470
— Гүлісхан Нахбаева, рейтинг ЭЛО – 2371

Чемпионат туралы толығырақ

ЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР РЕГЛАМЕНТІ

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР РЕГЛАМЕНТІ

ҚШФ Бас серіктестігі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры,

ҚШФ Бас демеушісі  – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми – білім беру қоры.