АБДУМАЛИККЕ ЕРЛЕР ГРОССМЕЙСТЕРЫ АТАҒЫ БЕРІЛЕДІ

26 сәуір күні Венгрияда 18 жасар Жансая Абдумалик ерлер гроссмейстерінің соңғы нормасын орындады.

Жансая Венгрияның астанасы Будапешт қаласында сәуірдің 18 мен 26 аралығында өткен халықаралық Budapest Spring Festival 2018 жарысына қатысуын аяқтады. Жарыста ол халықаралық гроссмейстердің үшінші нормасын орындады.

Жарыс әлемнің 37 мемлекетінен 357 шахматшыны жинады. Абдумалик Жансая басты опен-жарысына қатысты. Бұл жарысқа тағыда 166 ойыншы тіркелген болатын.
– ФИДЕ конгресінің келесі кездесуінде шахматшыға атақ берілетін болады. Белгілеп өтетін жері, шахмат тарихында осындай жас кезінде ерлер арасында халықаралық гроссмейстер болып шығып, мұндай нәтижеге әлем бойынша тек бес шахматшы әйелдер жеткен, ал Қазақстаннан және Орталық Азиядан жалғыз шахматшы – Абдумалик Жансая болды, – деп Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры (ҚШФ) И.Ф. Грищенко хабарлады.

Сәуір айының қорытындысы бойынша Ж. Абдумаликтің рейтингі 2484 құрайды. Осылайша, ФИДЕ рейтингінің 17 позициясында орнығып, қазақстандық шахматшы әлем спортшыларының үздік 20 Тобына кірді.
– Бұл менің мансапымдағы ең жоғары нәтиже. Енді біз ФИДЕ Президенттік конгрессін күтудеміз, ол жерде маған ресми түрде атақ беріледі, – деп қазақстандық шахматшы Абдумалик Жансая хабарлады.

Абдумалик Жансая – қыздар арасында бес дүркі чемпион, ерлер арасында халықаралық шебер және әйелдер арасында гроссмейстер. Өзінің алғашқы нормасын шахматшы 2017 жылы шілде айында Филадельфияда Annual World Open жарысында орындады. Ал екінші нормасын осы жылы наурыз айының соңынды өткен Karpos Open-2018 жарысына қатысып алған.