ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАХМАТШЫҚЫЗ – ОН СЕГІЗ ЖАСАР ЖАНСАЯ ӘБДҮМӘЛІК ШАХМАТ БОЙЫНША ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНА ӨТТІ

Ханты-Мансийск қаласында жас Жансая Әбдүмәлік ширек финалына шыққан, әйелдер арасындағы шахматтан Әлем чемпионаты қарашаның 3-нен 23 дейін өтуде. Білгілеп өтетіні, отандық шахмат тарихында ересектер арасындағы әлем жарыстарында қазақстандық спортшылар төрт айналымды алғашқы рет өтіп шықты.

 

«Бұл менің ересектер арасындағы бірінші Чемпионатым. Мені күрделі күрес күтіп жатқанын мен жақсы аңғаратынмын, себебі менің қарсыластарым тәжірибелі атақты спортшылар болатын. Бұған дейін мен жасөспірңмдер арасындағы әлем чемпионаттарында және 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында жеңістерге жеткем, алайда бұл мүлдем басқа дәреже болатын»,- деп Жансая бөлісті.

Қарашаның 3 күні Әлем чемпионы атағына күресу үшін Ханты-Мансийсктің «Угра» атты шахмат академиясына 29 елден ғаламшардың ең үздік 64 спортшықыздары келді. Жарыс қатал жүйе – нокаут-турнирлер бойынша өтуде. Бұл дегені, бір ғана жеңіліс әрі қарай қатысу мүмкіндігінен айыратынын және де әр бір жаңа айналым сайын қатысушылар саны екі есе қысқаратынын білдіреді.

Жансая жеңіліссіз төртінші айналымға жете алды. Бірінші айналымда ол индиялық Рут Падминиді тай-брейкте 1,5:0,5 есебімен жеңді, ал екінші раундта ол қытайлық қыз Жао Ксю үстінен жеңіске жетті – 2:0. Үшінші айналым да сәтті өтіп, поляк гроссмейстері Джолянта Завадскаяны жеңіп, өзіне ширек финалға шығу кепілдігін алды. Ширек финалда Жансая әлем чемпионы, Украинадан келген гроссмейстер Мария Музычукпен кездесті. Классикадағы партиялар тең ойынмен ойналды – 1:1, рапидтің төрт партиясы да жеңімпазды анықтай алмады. Блицте ғана біздің спортшықызымыз 2015 жылдың чемпионына 1,5:0,5 есебінде жеңісті беруге мәжбүр болды.

«Жансая тамаша ойын көрсетті. Ол үшін ересектермен шахмат бойынша Әлем чемпионатындағы ойыны алған алғашқы тәжірибесі болды, және де өзінің он сегіз жасында өзінен әлдеқайда тәжірибелі шахматшыларды жеңе алды.  Ширек финалда алты партия аралығында ол бұрынғы әлем чемпионынан кем түспеді, алайда блицте қорытындыны –  әдетте кездейсоқ жағдай шешеді», – деп Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко түсінік берді.

Жансая Әбдүмәлік – Юниорлар арасында Азияның және әлемнің бірнеше рет чемпионы болған. 2013 жылы Азияның 20 жасқа дейінгі ең үздік шахматшықызы деп танылған.  Бір жыл бұрын, Италияда, ол  20 жасқа дейін шахмат бойынша Әлем чемпионы атағын жеңген.

ҚШФ-ның Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-ның бас демеушісі – Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

Қосымша ақпарат бойынша хабарласыңыз:

Игорь Бушмелев , +7 707 323 55 80,   igor.b@kazchess.kz