ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті шахмат қауымы!

Қазақстан шахмат федерациясы Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Қазақстан халқы өркен жайып, әр отбасы, әр қазақстандық бақыт пен шаттыққа кенелсін. Көп ұлтты халқымыздың бірлігі мен ынтымақтастығы нығая берсін!

«Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!
(Махмет Қажиахметов)

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан қ., 1 мамыр 2020 ж.