ҚШФ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

Казақстандық шахмат федерациясы 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күнімен құттықтайды!

Бұл мереке әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам. Сонымен бірге, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін күн.

Еліміздің жас ұрпағы қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп жүре берсін. Балаларға бақытты балалық шақ, ашық аспан, бейбіт өмір тілейміз. Ойлаған армандарына жетіп, Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз!

 Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан қ., 1 маусым 2020 ж.