7 МАМЫР — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақстан шахмат федерациясы сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды!

Қазақстан әскерлерімен бірге қызмет өткеріп жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, кез-келген уақытта туған жерді қорғауға даяр азаматтарымызды құттықтай отырып, сіздерге ашық аспан,зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке және бейбіт ғұмыр тілейміз.

Еліміздің шекарасы берік, тыныштығымыз тұрақты, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан қ., 7 мамыр 2020 ж.