ҚШФ ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ


Құрметті Отандастар!

Қазақстан шахмат федерациясы Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды!

Жеңіс күні айрықша қымбат, әрбір отбасы үшін қасиетті мереке. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері еліміздің, болашақ үрпақтарының жарқын болашағы үшін көрсеткен ерлігі мен еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз. Отан үшін өмірін қатерге тіккен батырларымызды мәңгілік есімізде сақтаймыз. 

Әрбір қазақстандық отбасыға мықты денсаулық, бейбіт өмір мен ашық аспан тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан қ., 9 мамыр 2021 ж.