ҚШФ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

Құрметті отандастар!

Қазақстан шахмат федерациясы Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен ауызбіршілігі нығайып, ел ішіндегі ұлтаралық татуластық әрдайым берік болсын!

Осы мереке күні әр отбасыға мықты денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз. Сүйікті Отанымыз — Қазақстан Республикасы гүлдене көркейіп, нығая берсін!

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан қ., 30  сәуір 2021 ж.