ҚШФ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

Қазақстандық шахмат федерациясы Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Осындай айтулы күні Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, еліміздің әскери қызметкерлеріне, Отан алдында әскери борышын өтеп жүрген жауынгерлерге айрықша алғысымызды білдіреміз. Сіздерге мықты денсаулық, ашық аспан, бақ-береке және бейбіт ғұмыр тілейміз.
 
Еліміздің шекарасы берік, тыныштығымыз тұрақты, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан қ., 7 мамыр 2021 ж.