ҚШФ САБЫРБАЙ ТӨЛЕГЕНҰЛЫН ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

Қазақстандық шахмат федерациясы Атырау облыстық шахмат федерациясының вице-президенті, аға жаттықтырушысы Сабырбай Гайсинді 60 жасқа толу мерейтойымен шын жүректен құттықтайды.
Құрметті Сабырбай Төлегенұлы!
Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы қуанышты сәтте Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды бақыт тілейміз.  Отбасыңыздан береке-бірлік, басыңыздан бақ-дәулет таймай, аңсаған армандарыңыздың асуына жете беруіңізге тілектеспіз!
Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Султан қ.,
11 желтоқсан 2021 ж.