ҚШФ МҰРТАС МҰРАТҰЛЫН ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

Қазақстандық шахмат федерациясы шахматтан ұлттық құрама командасының мүшесі, Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы, халықаралық гроссмейстер Мұртас Қажғалеевті туған күнімен құттықтайды.
Құрметті Мұртас Мұратұлы!
Еліміздің шахмат қауымдастығы атынан Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, Сізге денсаулық, бақыт және спорттық сайыстарда табыстар тілейміз! Өмір жолыңыз сәтті, жүрегіңіз шаттыққа толы болсын.
Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Султан қ.,
17 қараша 2021 ж.