ҚШФ СЕРІКБАЙ БІЛӘЛҰЛЫН ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

Қазақстандық шахмат федерациясы шахматтан ұлттық құрама командаларының аға жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық арбитр, халықаралық гроссмейстер Темірбаев Серікбай Біләлұлын 60 жасқа толу мерейтойымен құттықтайды.
Құрметті Серікбай Біләлұлы!
Еліміздің шахмат қауымдастығы атынан Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, ақыл-парасаттың кемеліне толған осы бір бақытты шағыңыз, алдағы өмірде де мазмұнды да мәнді жалғасын табатынына кәміл сенеміз!
Сізге мықты денсаулық, еңбегіңізге табыстар, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.
Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Султан қ.,
08 тамыз 2021 ж. Ресми сайт: kazchess.kz