БЕЙБІТ АТАМҚҰЛОВ НҰР-СҰЛТАНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

2020 жылы 3 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ)  жаңадан сайланған президенті Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы мен  Федерацияның Вице-президенті Берік Балғабаев және ҚШФ атқарушы директорының міндетін атқарушы Жандос Әбішевтің кездесуі өтті.

Кездесу барысында ҚШФ-ның 2020 жылы 31 қаңтар күні өткен кезектен тыс Құрылтайында қабылданған шешімдеріне сәйкес федерацияның қызметі туралы өзекті мәселелер талқыланды.

ҚШФ Президенті ел астанасында кеңсе ашу, турнирлік күнтізбені орындау және ҚШФ қызметінің басқа да мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді.