Улан-Батор қаласындағы Дүниежүзілік балалар шахмат Олимпиадасы

03

20 тамызда Дүниежүзілік балалар шахмат олимпиадасының бірінші туры аяқталды, оның нәтижелері бойынша қазақстандық шахматшылар құрама командасы Макао командасын 3:1 шотпен жеңді. Екінші турда құрама команда ресейліктерге 1,5:2,5 шотпен ұтылды, үшіншіде – шри-ланкашыларды   2,5:1,5 шотпен жеңді, ал төртінші турда Түркия командасымен тең ойнады – 2:2.

19 тамызда біздің спортшылар Монголияға келді, бұнда Монгол шахмат федерациясы Дүниежүзілік балалар шахмат олимпиадасын ұйымдастырды. Шара Халықаралық Шахмат Федерациясының (ФИДЕ) ұранында Улан-Батор қаласында 19 тамыздан 29 тамызға дейін кезеңде өткізіледі. Қазақстандық команданы ҚР чемпиондары мен жүлдегерлері атақтары бар жас спортшылар ұсынды.

 

Осы оқиға шахмат саласында өте маңызды және ауқымды шара болып табылады. Шара алаңы 34 қатысушы командаларды жинады, осы командалармен біздің спортшылар жарысады. Жарыс чемпионын 6 млн. тугрик сомасында маңызды жүлде күтеді. Ең үлкен командалар Ресей, Монголии, Қытай, АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдерінен келді. Олимпиада бюджеті 600 млн. тугрикті құрайды (Монголия Үкіметі 70 млн. тугрик, ФИДЕ 100 млн. тугрик және 200 шахмат тақталарын бөліп берді). «Хунну молл» сауда-ойын сауықтыру кешені ойын өткізу үшін жайларды тегін ұсынды, ал «Чингис хан» қонақ үйі тұруға жеңілдіктер жасады.

 

Осы шараға қатысу мүмкіндігін Шахмат Федерациясы Shakhmardan Yessenov Foundation Ғылыми-білім беру қоры тарабынан қаржылық қолдауымен алды. Ескере кетейік, Астанада Қазақстандық Шахмат Федерациясының кезектен тыс Съезінде Shakhmardan Yessenov Foundation Ғылыми-білім беру қорының құрушысы және «АТФ Банк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Есенов Галимжан Шахмарданович Президенті ретінте сайланды.

 

Олимпиадаға дайындалуға байланысты 5 шілдеден 12 шілдеге дейін Қазақстандық Шахмат Федерациясы Щучье қаласында оқыту-жаттықтыру жиыны (ОЖЖ) өткізді. Оқыту-жаттықтыру жиыны Федерация өткізетін дәстүрлі іс-шара болып табылады. Оның мақсаты спортшылардың біліктілігін жоғарлату, материалды тереңдетіп зерттеу, стратегиялық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ кәсіби шахматтың маңызды аспектілерінің бірі – жалпы физикалық дайындық болып табылады.

 

ОЖЖ-ға 8-ден 18 жасқа дейін жас тобында, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы Чемпионатында 1 және 2 орындарға ие болған және біздің елді әлемдік аренада ұсыну мүмкіндігін алған 14 жас шахматшылар қатысты. 2015 жылы Дүниежүзілік жасөспірімдер Олимпиадасына қатысудан басқа біздің құрама команда Әлем Чемпионатына (Греция, қыркүйек) және « Орталық Азия Кубогына» қатысады.

 

Балалар Шахмат Олимпиадасының фотогалереясы