Динара Садуакасовамен бір мезгілді ойын сеансында ERG кәсіпорындарының қызметкерлері жарысты

img_7166 2

Павлодарда үш мәрте Әлем Чемпионы, халықаралық әйелдер гроссмейстері Динара Садуакасовамен өткен бір мезгілді ойын сеансы аяқталды. «Шебермен кездесу» шахмат турнирін Қазақстан шахмат федерациясы және Еуразиялық Топ (ERG) ұйымдастырды.

Іс-шара «Шеберлер елі: бір отбасыда» ERG корпоративтік науқан шеңберінде мемлекетте шахмат спортын дамыту және қолдау бойынша бірлескен ауқымды жобаның кезеңі ретінде өтті. Шақырылған гроссмейстерлер Федерация демеушілік көмек ретінде ERGКөмек қорынан бөлген қаражат есебінен қызметкерлерге арналған шебер-сабақтары мен турнирлер өткізді. Осындай шара Ақтөбе облысында өткізілді, 2015 жыл бойы «Шебермен кездесу» Қарағанды, Қостанай облыстарында және Астана қаласында өткізу күтілуде.

Даналар ойынында ең мықтының атағына Топтың құрамына кіретін өңір кәсіпорындарының өкілдері күресті: Қазақстандық электролиз зауыты, «Қазақстан Алюминийі» АҚ, Еуроазиялық энергетикалық корпорация, Ақсу ферросплавтар зауыты. Компанияларда шахмат қозғалысы өте жақсы дамыған – үнемі алуан турнирлер өткізіледі. Көптеген қызметкерлердің спорттық санаттары бар және шахматтан чемпиондар болып табылады. Одан артық шахматты отбасыларымен ойнайды, сондықтан кездесу «Ұрпақтар турнирі» ұранымен өтті.

Сондай-ақ, мысалы, «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ қозғалмалы құрам депосының слесарі Салима Сакенова ҚР қыздар арасында чемпионатының үш мәртелі жүлдегері болып табылады. Бүгінгі турнирге оның 8-жасар ұлы Ерсұлтан Ермекұлы да қатысты. Ол команданың ең жас қатысушысы, бірақ оның жеке бірнеше жеңістері бар, соңғы жеңісіне жақын арада балалар лагерінде иеленді.