Щучинск қаласында 8-18 жас жасөспірім қыздар мен ұлдар арасындағы 2016 жылдың ҚР Чемпионаты өтеді

1035

 8, 10, 12, 14, 16, 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында 2016 жылғы ҚР-ң Чемпионаты шахматтың стандартты («классикалық»), белсенді  («тез»), және  («жылдам») түрлері бойынша өтеді.

Жарыстың ұйымдастырушылары – ҚР-ң дене шынықтыру және спорт комитеті, Қазақстан Шахмат Федерациясы, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Астана қ. Шахмат федерациясы, «Ұлттық Шахматшылар Одағы» шахмат академиясы және «Гамбит» шахмат мектебі.

Чемпионаттың Бас демеушісі – Академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры.

Бұл Чемпионат  8, 10, 12, 14, 16, 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар мен ұлдар арасындағы Азия және Әлем Чемпионатына қатысу үшін іріктеу кезеңі болып табылады. 1-2 орынды иеленген қатысушылар, елімізді осындай беделді жарыстарда танытуға ұсынылады.
Турнирдің пресс-релизін осында: жүктей аласыз