ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ 2020: ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ АЯҚТАЛДЫ

Ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының жартылай финалы 17-25 ақпан аралығында өтті. Ерлер чемпионатында 85 шахматшы, әйелдер арасында – 33 шахматшы ойнады. Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ойыншылар қатысты. Турнир 9 турда өтті.

Жалпы жүлде қоры 1 800 000 теңгені құрады.

Жүлдегерлердің алғашқы үштігі сәуір айында Алматы қаласында өтетін финалға жолдама алды.

Турнир қорытындысы бойынша ерлер арасындағы жүлдегерлер:
1-орын Ахметов Аян – Нұр-Сұлтан
2-орын Козлов Роман – БҚО
3-орын Жалмаханов Рамазан – Нұр-Сұлтан

Қосымша номинацияларда:
4-орын Айтбаев Аслан – Нұр-Сұлтан
5-орын Ағманов Жандос – Нұр-Сұлтан

2002 ж. және одан кейін туылған  қатысушылар арасындағы үздік нәтиже:
Бижігітов Жәңгір – Алматы

Маңғыстаулықтар арасындағы үздік нәтиже:
Кенжебаев Шыңғыс

Турнир қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы жүлдегерлер:
1-орын Кайрбекова Әмина – Нұр-Сұлтан
2-орын Нұрманова Алуа – Алматы
3-орын Әбділдаева Лаура – БҚО

Қосымша номинацияларда:
4-орын Құрманғалиева Лия – Алматы
5-орын Бауыржан Арнаш – Алматы

2002 ж. және одан кейін туылған қатысушылар арасындағы үздік нәтиже:
Балабаева Ксения – Алматы

Маңғыстаулықтар арасындағы үздік нәтиже:
Әйтешова Диана