ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛДЫ

Бүгін рапид және блицтен әйелдер арасындағы Қазақстан Чемпионатына өтініш қабылдау аяқталды. Турнир 1 мамыр күні Алматы қаласындағы «Алматы» қонақ үйі аумағында болады.

Оған ЭЛО рейтингі бойынша және одан жоғары тұрған спортшылар қатысып, 350 000 тг жүлде қорына таласа алады. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 раундтан тұратын болады.

Жылдам шахматтан партиялар 1 және 2 мамырда, ал блиц-турнир 3 мамырда өтетін болады. Шахматтың әр түрі бойынша алғашқы үш орын иелері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Чемпионат туралы толығырақ
Турнир регламентін жүктеп алу

ҚШФ Бас серіктесі– «Самрұқ Қазына ҰӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Бас демеуші «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.