ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕУРОПАНЫҢ КЛУБТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

s1

Македонияның астанасы Скопье қаласында маңызды құрам жинаған Еуропаның шахматтан клубтық чемпионаты аяқталды. “Гамбит Ассеко” командаларының бірінің құрамында Қазақстаннан келген қыздар – Динара Садуакасова мен Мадина Давлетбаева қатысты.

 

Біздің спортшылардан басқа командада әлемнің экс-чемпиондары Антуанетта Стефанова (Болгария), Александра Горячкина (Ресей) және Шень Янь (Қытай) қатысты. Нәтижесінде олардың командасы турнирдің «күмісіне» иеленді. Динара Садуакасова 4-тақтада жеті партияда 5 ұпай алды. Ал қосымша ойыны – Мадина Давлетбаева, үш партияны ойнап команданың жалпы есебіне 2.5 ұпай әкелді. Біздің қыздарды сәтті ойынмен құттықтаймыз!