Қазақстандық шахмат федерациясы алғашқы рет Алматыда Орталық Азия Кубоғын өткізеді

img

20 және 30 қараша аралығында Алматы қаласында Grand Hotel Tien Shan шахматтан Орталық Азия Кубогы өтеді. Жарыс ұйымдастырушысы Қазақстандық шахмат федерациясы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру орталығы. Жүлде қоры (ФИДЕ ұсынған) 25 000 АҚШ долларды құрайды. Жарыстың ашылу рәсімі 21 қарашада сағат 14.00-де басталады. Бұнда ФИДЕ Президенті Кирсан Илюмжинов  және Қазақстан Шахмат Федерациясының Президенті Галымжан Есенов қатысады.

Спорттық жарыс швейцарлық жүйе бойынша кәсіби шахматшылар үшін 9 турда өткізіледі. Орталық Азияның 6 елінен 70-тен астам ойыншылар қатысады – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, сондай-ақ Афганистан. Қатысуға ФИДЕ рейтингі 2100 –ден төмен емес (ерлер) және 1900-ден төмен (әйелдер) шахматшыларға рұқсат берілді.

Орталық Азия Кубогы – Қазақстанның спорт өмірінің сонымен бірге Орталық Азияның шахмат спортының 2015 жылы ең маңызды оқиғаларының бірі болып табылады. Кубок Қазақстан Республикасында шахмат қозғалысын қолдау, қазақстандық шахматшыларды халықаралық деңгейге жылжытужәне Қазақстан Республикасының имиджін халықаралық аренада дамып жатқан және тұрақты мемлекеті ретінде қалыптастыру үшін өткізіледі.

Турнир шеңберінде бірегей бір мезгілді ойын сеансы өткізіледі. Қазақстанда алғашқы рет сеансқа тіркелген 30 шахмат әеусқойларымен бірге партияны бір емес, бірден екі гроссмейстер ойнайды: Қазақстанның көп мәртелі Чемпионы, үш шахмат олимпиадаларының Қазақстанның ерлер құрама командасының көшбасшысы, Азия Кубоғының иесі, халықаралық гроссмейстер Ринат Джумабаев және 15-жасар әйелдер гроссмейстері, Азия чемпионы, әлемнің балалар арасында үш мәртелі чемпионы Жансая Абдумалик. Сеанс  22 қарашада сағат 10.00-де басталады  (сондай-ақ  Grand Tien Shan отелінде).

Кубок қатысушыларына өзінің алғы сөзінде Қазақстан Шахмат Федерациясының Президенті Галымжан Есенов айтқандай, «қазір елімізде осы ойынның нағыз серпілісі болып жатыр, және осы беделді жарыс алғашқы рет Қазақстанда өтетіні жай емес». «Осындай жоғары халықаралық деңгейдегі зияткерлік турнир шахмат мерекесі, жасөспірімдер үшін халықаралық тәжірибе алмасу алаңында беделді старты болады. Жақын болашақта бізде шахматтың дамуына қолдау жасайды және біз жоғары санатты халықаралық турнирлер жеңімпаздары арасында біздің жерлестеріміздің одан көп аттарын көретін боламыз», -деді.

otkrytie

otkrytie_cac2015

esenov

akim_almaty

ilumjinov

memorandum

DSC_8353

DSC_8361

DSC_8375

DSC_8368

jansaya