Кирсан Илюмжинов – Біздің проблемаларымыздың көбі парасат пен мәдениеттің жетіспеунен

kirsan

Біздің проблемаларымыздың көбі парасат пен мәдениеттің жетіспеуінен

Бизнесті дағдарыста жүргізу туралы Кирсан Илюмжинов айтты.

Ол Калмыкияның бірінші басшысы және Халықаралық шахматтан федерацияның (ФИДЕ) президенті, мемлекеттік қайраткер және бизнесмен. Кирсан Илюмжиновпен ұзақ уақыт бойы қатынасқан сайын осы адамнан көп тыныштық, сабырлылық және оңайлықты сезесін. Бұл адамның сабырлылығы мен оңайлығы жасанды емес немесе көмекшісі мен PR-мамандар ескерткеннен емес. Ол бақытты адам, өз бейнесін сақтап ортамен тату тұрады. Осы адамның мінезінің қалыптасуы бес жасынан басталғанына бірден сенбейсін. Илюмжиновтың бірінші зор қадамы мектептен кейін ММУ-дың жарық жайынын орнына зауат цехна баруды айтуға болады.

Алматыда өткен Орталық Азияның шахматтан IV Кубок, ұтыс қоры 25 мың доллар – толығымен оның сіңірген еңбегі, біз Кирсан Илюмжиновпен немен айналысатыны туралы, дағдарыста бизнес жүргізу, сондай-ақ шахмат әлемді қалай құтқаратыны туралы сөйлестік.

– Сіз алтын белгі иесі, көптеген бүкілодақтық олимпиадалардың әр түрлі пәндерден жеңімпазы болдыңыз. Неліктен КСРО-ның үздік университеттерінің біріне оқуға жеңілдікпен түсу мүмкіндігіңіз бола тұрып Сіз «Звезда» зауытына слесарь лауазымына жұмысқа баруды таңдадыңыз?

– Мен адам өзін өзі көрсетуге тиіс деп санадым. Мен басыммен емес қолмен жұмыс істей алатынымды түсі нгім келді. Бір аптадан кейін мен көшеде сынып жетекшімді кездестірдім, ол жылап «Сен мектебіміздің абыройын түсірдің! Сенің бүкіл сыныптастарың оқуға т.сті, ал сен зауытқа бардың» деп айтты. Ал екі айдан кейін мен бригадир болдым, біз жоспардан артық орындадық, мен жалақыны ананман көп алдым. Бірінші жалаңыма сыныптастарымды мейрамханаға шақырдым. Сосын әскерге шақырылдым. Өзімді еркек ретінде тексергім келді, 16 кг автоматпен марш-бросок деген не және «дедовщина» деген не екенін білгім келді. Көтере аламын ба? Әскерде бірінші аптада асүйге жіберді, сол кезде досымнан хат алдым: «Сенбі, сабақ бітті,дискотекаға барамы» деп жазды. Сонда мен былай деп ойладым: «олар демалып жатыр, ал мен асүйдің май еденін жуып жатырмын». Хатты оқып тіпті жылап қойдым, сәл әлсіздік, реніш болды. Бірақ өзімді өзім жинап әскерден кейін оқуға түсуді шештім. Маған Жапония мүдделі болды. 80 мың иероглиф! Оларды оқуға шештім және осы ел бойынша маман болдым.

– Кирсан Николаевич, өміріңізде шахмат қашан пайда болды?

– Шахмат ойнауды атам үйретті, тез арада көше чемпионы болдым. Бір уақытта жоғары сыныптар оқушылары ойнады, құрамында бір ойыншы жетіспегендіктен, мені қосты, мен барлығын жеңдім. Ол кезде тек футбол мен шахмат ғана болды, ең қолжетімді спорт түрлері. Бүгін де шахмат одан сайын көпшіл спорт түрі болды. Сіздің Қазақстандық федерацияның сәтті шахматшыларынан көрінеді. Жуырда ФИДе президенті болғаныма 20 жыл болды. Сол кезде ұйымда 130 ел болды, қазір – 190, шахматты 200 миллион адам ойнайтын, қазір – 600 миллион. Осы жылдары шахмат әлемін біріктіру міндеті де шешілді. 2 федерация болған, әрқайсысының өз чемпионы болды. Қазір бізде ортақ чемпион – 24-жасар норвегияшы Магнус Карлсен. Шахмат әлемі бірікті. Біздің жаңа міндетіміз – 2020 жылға қарай шахматты 1 миллиард адам ойнауға тиіс.

– Сіз шахмат арқылы әлемді құтқаруға болады деп ойлайтындардың бірі болып табылатыныңызды білемін…

– Бізде «Шахмат мектепте» білім беру бағдарламасы бар. Және осы бағдарлама бүкіл әлем бойынша таралады: Испаниядан Арменияға дейін, Вьетнамнан Құрама Штаттарға дейін. Оның соңғы мақсаты қандай? Әлемде болып жатқан көптеген саяси, діни шиеленістер, дағдарыстар қорлардың жетіспеуінен болады деп санаймын. Біздің проблемаларымыздың көбі парасат пен мәдениеттің жетіспеуінен болады. Татуласу, жақсы көру, соғыспау. Осындай идея. Алдымен ойланыңыз, сосын қадам, әрекет жасаңыз. Шахматтағыдай. Планетада адамдар шахмат ойнаса, қате қабылдаған шешімдердің саны маңызды азаяды. Және мектеп, балабақшадан, балалардан бастау керек.

Сондықтан біз (Шахмат мектепте» бағдарламасын дамытамыз. Екі жыл бұрын мен Мексика президентіне он эксперименттік мектепте шахматтан сабақ беруді ұсынды. Бір жылдан кейін, нәтижелерін көргеннен кейін, ол елдің бүкіл 200 мың мектебін шахматтан міндетті түрде сабақ беруге ауысу туралы қаулыға қол қойды. Мектепте шахмат енгізілгенде оқу үлгерімі көтерілді. Кезінде Калмыкияда үлгерім 40 пайызға көтерілді.

Әлеуметтік жауапты кәсіпкер өте қымбат бағаланады. Жылдар бойы сіздің бизнесіңіз қалай өзгерді?

– Қазір менде бизнеспен айналысуға уақытым көбейді. Кезінде мен бизнестен бастадым, ресми милионерлердің бірі болдым. 29 жасымда Гарри Каспаровтан гауһар тәжін сатып алдым. Қазір маған трансұлттық жобалар ұнайды. Монголияда біз темір жол құрылысына тендер ұтып алдық. Вьетнамда және Камбоджида строим 4G телекоммуникациялық желілерді, сымсыз интернетті салып жатырмыз. Трейдинг, орталықтар құрылысы, сауда, риелторлық бизнес… Көп нәрсе. Көбінесе осындай конституциялық-инвестициялық бизнес.

Роман Райфельдтың интерьвьюсы