АРКАДИЙ ДВОРКОВИЧПЕН ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ

Турдан кейін бірденен Аркадий Дворковичпен баспасөз мәслихаты өткізілді, оның барысында ФИДЕ президенті команда чемпионатының жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтты.

«ФИДЕ президенттік кеңесінің Қазақстанда Әлем чемпионатын өткізу туралы шешімі Қазақстан Шахмат федерациясына деген сенімімізге негізделген. Біз үдерістерді ұйымдастырудың сапасын, басшылықтың барлық мәселелерге жауапты көзқарасын, сондай-ақ демеушілер мен серіктестердің мықты қолдауын байқадық. Қазақстанда шахматтың тез дамып келе жатқаны анық, ал спортшылар жоғары деңгейде ойнайды», – деп қорытындылады Аркадий Владимирович.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 4-14 наурыз аралығында АХҚО ғимаратында әлемнің 14 елінен келген 10 ерлер мен 10 әйелдер командаларының қатысуымен шахматтан әлем чемпионаты өтуде.

Чемпионаттың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі тікелей эфирін Әлемнің командалық чемпионатының ресми сайтынан көруге болады http://wteams.astana2019.fide.com

Ең соңғы жаңалықтар мына сайтта: https://kazchess.kz/category/press-center/news/

ФИДЕ премиясының 2015 жылғы «Ең үздік шахмат журналисті» номинациясының лауреттары, Каисса, Black King құрметті премиялары және «телевидение» номинациясында 2008 жылғы «шахмат журналисті» атағының иегерлері, Сергей және Марина Макарычевтердің, репортаждарын #drugoity #другойты youtube  каналынан көріңіздер.