КАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ (ҚШФ) ІСІН ТАБЫСТАУ ПРОЦЕССІ АЯҚТАЛДЫ

Казақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) ісін жаңа атқарушы дирекцияға табыстау процессі аяқталды.

Сұлтан қаласында (бұған дейін Алматы қаласында орналасқан) орналасатын ҚШФ жаңа аппаратына (атқарушы директоры Жандос Әбішов) табыстау процессі аяқталды.

ҚШФ бұрыңғы әкімшілігімен осыған дейін жасалған келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында, барлық төлемдер ағымдағы жылдың 28 ақпанына дейін жүргізілді.

Бұрыңғы команда қаржылық 2019 жылды толығымен жапты және 2020 жылғы 1-ші тоқсанда жасалған келісімшарттардың міндеттемелері бойынша төлемдерді жүргізді, атап айтқанда: ФИДЕ төлемдері, Нұр-Сұлтан қаласына НҚ және ТМҚ, құжаттаманы тасымалдау, сеньорлар арасындағы ҚРЧ және 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы ҚРЧ турнирлерін ұйымдастыру және өткізу, 2020 жылғы бірінші тоқсан үшін жаттықтырушылар қызметін төлеу, сонымен қатар қаңтар-ақпан айларының әкімшілік шығындарын, офистің орнын ауыстыруына байланысты хабарландыру алған қызметкерлермен есеп айырысу. Атқарушы комитет отырысын өткізу мерзімінің ауыстырылуына байланысты, спортшыларға 2020 жылдың бірінші тоқсаны үшін ақпан айында төлену жоспарланған шәкіртақылар төлемі кейінге қалдырылды. Аталған шығындардың жалпы сомасы (бірінші тоқсанға жоспарланған шәкіртақыны қоса алғанда)  31 млн. теңгені құрады.

2015 жылғы 4 шілдеден 2019 жылға дейінгі кезең аралығындағы ҚШФ қызметі туралы барлық қаржылық есептілік Қазақстандық шахмат федерациясының сайтында жарияланған және келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://kazchess.kz/about/%d0%be%d1%82%d1%87%d0%b5%d1%82/

ҚШФ бұдан әрі қаржыландыру – толығымен жаңа команданың құзыретінде.

Ирина Грищенко, Қазақстандық шахмат федерациясының экс-атқарушы директоры.
28.02.2020г.