ОҚУШЫЛАР ҮШІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІ ҚАРАША АЙЫНДА ӨТЕДІ

photo_29470

2015 жылғы 3 және 10 қараша аралығында Алматыда халықаралық гроссмейстер Дармен Садвакасовтың кубогына оқушылар арасында X Республикалық шахмат турнирі өтеді. Жарыстар ұйымдастырушысы– «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы, турнир Қазақстандық шахмат федерациясының ұйымдастыру және материалдық-техникалық қолдауымен өтеді. Кубок көне ойынды оқушылар арасында насихаттау, олардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттілігін дамыту мақсатында өткізіледі. Турнирге Қазақстанның әр облысынан, Астана, Алматы қалаларынан және «Назарбаев зияткерлік мектептер» АБҚ-дан командалар қатысты. Турнирдің ашылу рәсімі 4 қарашада «Қазақстан» шипажайында өтеді. Турнирге еліміздің 150 оқушының қатысуы күтілуде.

 

Қосымша ақпаратты турнирдің ұйымдастыру комитетіне шағымдана аласыз: Астана қаласы, Республика д., 34 «А», 712 кеңсе, тел.: 8 (7172) 29-51-59, тел./факс: 8 (7172) 29-52-32.

«Дарын» орталығы қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының дарынды балаларының әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау, дамыту, жүзеге асыру үшін жағдай жасау болып табылады.  

 

Дармен Садвакасов – қазақстандық шахматшы, Қазақстанның ерлер арасында бес мәртелі чемпионы, АҚШ, Югославия, Испания және басқа елдерде өткен халықаралық турнирлердің жүлдегері, жасөспірімдер арасында әлем Чемпионы, халықаралық гроссмейстер, «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталды.