Екі ойыншымен сеанс

Алматыда өтіп жатқан Шахматтан Орталық Азия кубогы шеңберінде ФИДЕ Президентінің жүлдесіне бір мезгілді ойын сеансы өткізілді.

 

Алғашқы рет Қазақстанда сеансқа тіркелген бірінші 30 шахмат әуесқойларымен партияны бір емес, бірден екі гроссмейстер ойнады: Қазақстанның көп мәртелі Чемпионы, Қазақстанның үш шахмат олимпиадасында ерлер құрама командасының көшбасшысы, халықаралық гроссмейстер Ринат Джумабаев және 15-жасар әйелдер гроссмейстері, Азия чемпионы, балалар арасында үш мәртелі әлем чемпионы Жансая Абдумалик.

Сеанстың ең жас қатысушысы бес жасар Айлана Абылкасенова болды, ал ең үлкен қатысушы – Аскар Билялов, қарияның жасы 71-де. Сеанс 3 сағат бойы болды. 4 партия тең аяқталды, ал қалған 26 партияны Абдумалик пен Джумабаев жеңді. Сеанс аяқталғаннан кейін әр қатысушыға қатысу туралы марапаттау қағаздары берілді.

kca3

kca4

kca2