Қарағанды қаласында жылдам шахматтан ҚР Командалық чемпионаты басталды.

2015 жылғы 16-18 қазанда Қарағандыда Сәкен Сейфуллиннің естелігіне арналған Қазақстанның жылдам шахматтан Командалық Чемпионаты өтіп жатыр.

Жарысқа Шымкент, Астана, Павлодар қалалары, Ақмола облысы, Ақтөбе, Тараз, Қостанай қалаларынан келген командалар қатысады. Қарағандыдан чемпионатта 3 команда ұсынылды. Турнирге көне ойынның 40 қатысушылары жиналды. Турнирге Муртас Кажгалеев (Шымкент), Петр Костенко (Қостанай), Ануар Исмагамбетов (Астана), Рустам Хуснутдинов (Қарағанды) және Серикбай Темирбаев (Ақмола облысы) сияқты әйгілі гроссмейстерлер қатысты.

18 қазан күні соңғы тур. Турнирдің нәтижелерін күтеміз.